Жаңалықтар

Қырғызстандағы демалыс аймағында Қазақстан азаматы қаза тапты

istockphoto.com

Тергеу барысында 43 жастағы Қазақстан азаматы сноубордпен сырғанау кезінде өзінің досымен соқтығысқаны анықталды.

Қазақстан азаматы Қырғызстандағы «Каракол» тау-шаңғы базасында көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz сайты 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Ыстықкөл облыстық ІІБ мәліметінше, оқиға 27 ақпанда тау-шаңғы трассасында болған. Полицияға жазатайым оқиға туралы хабар түскеннен кейін, жедел-тергеу тобы оқиға орнына келген.

Тергеу барысында 43 жастағы Қазақстан азаматы сноубордпен сырғанау кезінде өзінің досымен соқтығысқаны анықталды. Ер адам алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Факт Ақ-Суу ауданы ІІБ ақпаратты есепке алу журналында тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.