Ақтөбеде ауладан оқушының мәйіті табылды
Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды.
28 ақпанда сағат 7:30 шамасында Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан кәмелетке толмағанның денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
«Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық ветеринария басқарасының басшысы Айбек Сембайдың айтуынша, ит қапты деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Қазіргі кезде тексеру жүріп жатыр. Баланың денесінде қандай да бір із, тістің басқаны белгісі жоқ», - деді Айбек Сембай.
Полиция да иттің қапқанын жоққа шығарды. Киімінде еш із болмаған.