Бірнеше қалада есірткі арнасының жолы кесілді
Сот санкциясымен Қазақстан азаматы ұсталып, қамауға алынды. Одан 13 кг психотроптық «мефедрон» зат тәркіленді.
ҰҚК Жамбыл облысы және Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
Сот санкциясымен Қазақстан азаматы ұсталып, қамауға алынды. Одан 13 кг психотроптық «мефедрон» зат тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.