Жаңалықтар

Қырғызстанға заңсыз жанармай экспорттаған 3 адамға іздеу жарияланды

Қаржы мониторинг агенттігі

Іздестіріліп жатқан тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қырғызстанға АИ-92 маркалы жанармайын заңсыз шығарып, сатумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

Агенттіктің ақпартынша, тергеу барысында күдіктілердің Қазақстан аумағында бензинді еріткіш және дистиллят ретінде рәсімдеп, жалған құжаттар арқылы шекарадан заңсыз өткізгені анықталды.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында «Түрксіб» станциясында заңсыз жолмен жөнелтілген 500 тоннаға жуық бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды. Жүк «Қара Май Ойл» шағын мұнай өңдеу зауытынан жөнелтілген және Қырғызстанға бағытталған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2023-2024 жылдары аталған шағын зауыттан 102 мың тоннадан астам мұнай өнімдері көрші мемлекетке экспортталған.

Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы соңғы екі жылда 15,5 млрд теңгеден асып түсті», – делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша үш күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланды:

Попов Алексей Александрович, 27.04.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы, бұрын сотталмаған; Ибраимов Рахымжан Маматұлы, 29.01.1996 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Өзбекстан Республикасының Чартак қаласының тумасы, бұрын сотталмаған; Сағындықов Серік Ерланұлы, 29.07.1987 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Жамбыл облысының тумасы, бұрын сотталмаған;

Оларға «камаққа алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Егер сізге іздестіріліп жатқан тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, келесі телефондарға хабарласуды сұраймыз: +7-727-279-20-86 – кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.