Филиппинде өрттен сегіз адам қаза тапты

27 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Тағы бір адам жарақат алған.

Филиппин елінің астанасы Маниладағы үш қабатты ғимаратта шыққан өрттен сегіз адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Өрт түнде ғимараттың екінші қабатында басталған. Ғимараттың көп бөлігі ағаштан жасалғандықтан жылдам отқа оранған.

Өрт салдарынан сегіз адам қаза тауып, бір адам жарақат алған.

Аймақтық билік өрттің себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізуде.

 

Тэгтер:

өрт Филиппин