Талдықорғанда жас жігіт аяусыз соққыға жығылды
Күдіктінің ата-анасы жауапкершілікке тартылды.
Талдықорған полициясы жас жігітті соққыға жықты деген күдікпен 17 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, жасөспірім есепке алынып, оның ата-анасы бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Айта кетейік, бұған дейін желіде екі адамның соққыға жығылған жасөспірімді алып бара жатқан видеосы тараған еді. Видеодан кейін құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.
"Қылмыс жасады деген күдікпен 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған бала арнайы есепке қойылды, ал білім бөліміне тиісті ұсыныс жіберілді", — делінген хабарламада.