Отандасымыз Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Странджа кубогында» қарсыласына есе жіберді, деп хабарлады turkystan.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Санжар Тәшкенбай ирландиялық Луис Руниге қарсы жекпе-жектің бірінші раундында нокдаунға түсіп қалды. Осы сәттен кейін ол жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, жарысты аяқтады. Кейін белгілі болғандай боксшы қолын жарақаттап алған.