Жаңалықтар

Наурызда Шамалғандағы теміржол өткелі жабылады

Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.

2025 жылғы 1 наурыздан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хаты негізінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы елдімекені арқылы өтетін аталған автожолдың 2448+900 шақырымында (46+100 шақырым) орналасқан теміржол өткелі жабылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жаңа айналма жол ұйымдастырылды.

Барлық қажетті жол белгілері мен қозғалысты реттейтін құралдар орнатылды.