Тараз тұрғыны абақтыға 8 телефон алып кірмек болған
Ол бұрын сотталған.
Тараз тұрғыны абақтының қоршауынан екі түйіншекті өткізбек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру кезінде түйіншектердің ішінен 8 телефон шыққан. Барлығы тәркіленді. Ұсталған азамат тергеу-жедел тобына тапсырылды. Ол бұрын сотталған.
Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын жабу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.