Жаңалықтар

Алматыдағы «Halyk Arena» ғимаратында өрт шықты

скриншот

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Медеу ауданы Құлжа тас жолының бойындағы мұз сарайында шыққан өртке келген арнайы техниканың қажеттілігі болмады.

Қалалық ТЖД-ның мәлімдеуінше, құтқарушылар келіп үлгергенше спорт сарайының екінші қабатындағы кабинетте шыққан өртті кешен қызметкерлері өздері сөндірді. 8 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды ауыздықтауға ішкі кран пайдаланылған. 

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Өрт кезінде автоматты дабыл жүйесі іске қосылды.