Трамп АҚШ азаматтығын 5 млн долларға сатпақ

27 ақпан, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: businessday.ng
Трамптың айтуынша, мұндай карталар Ресей олигархтарына да қолжетімді болмақ.

АҚШ президенті Дональд Трамп құны 5 миллион доллар болатын «алтын карталарды» іске қосатынын мәлімдеді. Бұл карта иелеріне алдымен АҚШ-тың резиденті болуға, кейін азаматтығын алуға мүмкіндік береді.

Трамптың айтуынша, мұндай карталар Ресей олигархтарына да қолжетімді болмақ. «Олардың арасында өте жақсы адамдар бар», – деді ол.

Сарапшылардың пікірінше, бастама АҚШ-тың иммиграциялық саясатына өзгерістер әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл шешім елдегі саяси пікірталастарға түрткі болуы ықтимал.

Тэгтер:

АҚШ Доллар Дональд Трамп азаматтық Трамп