Жаңалықтар

Павлодар облысында 41 жастағы ер адам жоғалып кетті

istockphoto.com

Мұрат Сыздықов 12 қаңтарда жоғалып кеткен.

Баскөл ауылының 41 жастағы тұрғыны «Сартай» шаруа қожалығынан шығып, хабар-ошарсыз жоғалып кетті.

Vita еріктілерінің мәліметінше,  Мұрат Сыздықов 12 қаңтарда сағат 11:00 шамасында шыққан.

Ер адам капюшоны бар қара куртка, қара шалбар, қара етік, сұр шапка киген. Бойы – шамамен 165 см, көзі – қоңыр, шашы – қара, басы мен артында күйік бар.

Егер де оны  көрген адамдар болса, еріктілердің +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша дереу хабарласа алады.  

Еске сала кетейік, 21 ақпан күні жоғалып кеткен павлодарлық Асұлан Нұрмағамбетовтің мәйіті табылып, кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.