Ақтау әуежайында рейстер тоқтатылды
Қазір Ақтауда қалың қар жауып жатыр.
Ауа-райының бұзылуына байланысты Ақтау әуежайында ұшу – қону жолағы бірнеше сағатқа жабылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ақтау әуежайының ұшу – қону жолағы 2025 жылғы 27 ақпанда сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін уақытша жабылды», - деді әуежай әкімшілігі.
Әзірге 27 ақпанға жоспарланған 11 рейстің төртеуі кешігіп жатыр.