Қытайда LRT құрылысының вагондарын құрастыру басталды (ФОТО)

27 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
Астана әкімдігі
Алғашқы жылжымалы құрамдар мамыр айының соңына дейін дайын болады. Қыркүйек айында алғашқы пойыздар жеткізілгеннен кейін тестілік сынақтар басталады.

Қытайдың Таншань қаласында LRT алғашқы жылжымалы құрамдарын құрастыру жұмыстары жүргізілуде. 19 дана жылжымалы құрамға тапсырыс «CRRC Tangshan Co., Ltd» зауытында орналастырылды.

Автоматтандырудың жоғары деңгейі және сыйымдылығы

Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталады, ол келесі функцияларды қамтамасыз етеді:

Төрт секциялы құрамдар толық жүктелгенде (6 адам/шаршы метр) 600-ден астам жолаушыны сыйдыра алады.

Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі

Салондарда беріктігі жоғары материалдар, соның ішінде органосиликатты былғары және шыны талшықты композит қолданылады, бұл жолаушыларға жайлылықты арттырады.

Шуды азайту үшін келесі технологиялар қолданылады:

Құрамдар заманауи ақпараттандыру жүйелермен жабдықталады:

Астана қаласының ауа-райына бейімдеу

Астана климатының ерекшелігін ескере келе, алдыңғы терезесітемператураны реттейтін электрлі жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенеттен болатын температура өзгерістерінде әйнектің булануының алдын алады.

Кондиционер қондырғысының қуаты 35 кВт (салқындату қуаты).

Техникалық сипаттамалары және жеткізу мерзімдері

Қазіргі уақытта алюминий қорытпасынан жасалған корпус элементтерін дайындау және дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы жылжымалы құрамдар мамыр айының соңына дейін дайын болады. Қыркүйек айында алғашқы пойыздар жеткізілгеннен кейін тестілік сынақтар басталады.

«Тестілік пайдалану немесе тестілік іске қосу – пайдалануға берудің маңызды кезеңі. Бұл кезеңде барлық инфрақұрылым элементері, жылжымалы құрам және барлық жабдықтар тексеріледі, соның ішінде рельстердің бүтіндігі, электрмен жабдықтау жүйесі, телекоммуникация жүйелері толық зерттеледі. Сынақтар барысында үлкен көлемде деректер жиналып, талданады, оның нәтижесі бойынша LRT жүйесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданады. Алғашқы тестілік іске қосу осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған, бұл сынақтар бірнеше айға созылады», – деп түсіндірді «City Transportation Systems» ЖШС басқарушы директоры Орынбасар Ағыбаев.

Тэгтер:

Вагон LRT