Президент бірнеше тағайындауға қол қойды

27 ақпан, 2025 / Админ
istockphoto.com
Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен:

Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды;

Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Тэгтер:

Тоқаев Тағайындау