Жаңалықтар

Brent маркалы мұнай бағасы 73 доллардан төмен түсті

istockphoto.com

Мұнай бағасының арзандауына Ресейдегі жағдай себеп болып отыр.

Әлемде мұнай бағасы арзандап жатыр. Brent маркалы мұнай құны 73 доллардан түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Лондонның ICE биржасында бір баррель мұнай бағасы 0,29 пайызға арзандап, 72,29 долларға түсті.

WTI маркалы мұнай бағасы 0,13 пайызға арзандап, 68,84 долларға түсті.

Мұнай бағасының түсуіне Ресей – Украина қарым-қатынасы себеп болып отыр. Украинадағы соғыс тоқтаса, Ресейден жеткізілетін мұнай қайта жандануы мүмкін.