Жаңалықтар

Алматыдағы сауда орталығында оқушылар төбелескен

Скриншот

Алматыдағы сауда ойын- сауық орталықтарының бірінде 3 мектептің жанжалдасып, төбелес шығарды. Жайсыз оқиға турлы әлеуметтік желіде видео тарады. Полиция іс қозғады.

Видеода 15-ке жуық бала бір-бірін ұрып-соғып, орындық лақтырып, қоғамдық тыныштықты бұзып жатыр. Полиция департаменті бұзақылық жасаған жасөспірімдердің қала мектептерінің 10-11 сынып оқушылары екенін анықтады.

Қазір барлық материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді.

Бұзақылық дерегі бойынша Алатау аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Осы жанжалға қатысқан барлық тұлғалар – жасөспірімдер анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың әрқайсысының ісіне құқықтық баға берілетін болады. Сондай ақ осы жанжалға қатысқан жасөспірімнің ата анасына қатысты өз ата аналық міндеттерін баланы тәрбиелеудегі дұрыс атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.