Жаңалықтар

Ауа райына байланысты төрт облыста жол жабылды

сурет ашық дереккөзден алынды

Жол учаскелерін 27 ақпан сағат 07:00 ашу жоспарланған.

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін, сағат 21:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады: 

Ақмола облысы: 

- «Жезқазған - Арқалық - Петропавл» автожолының 377-536 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Бұзылық а.); 

- «Астана - Қарағанды - Алматы» автожолының 1291-1353 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлем алу пункті - Қарағанды облысының шекарасы); 

- «Астана - Шідерті - Павлодар - Үспен - РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қ. - Павлодар облысының шекарасы). 

Қарағанды облысы: 

- «Астана - Қарағанды - Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Теміртау төлем алу пункті). 

Қостанай облысы: 

- «Жезқазған - Арқалық - Петропавл» автожолының 339-377 шақырым аралығы (Арқалық қ. - Ақмола облысының шекарасы). 

Павлодар облысы: 

- «Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Шідерті а.). 

Жол учаскелерін 27 ақпан сағат 07:00 ашу жоспарланған.