Нұрлан Өнербаев отбасындағы қайғылы оқиғалар жайында жазба жариялады

26 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
сурет ашық дереккөзден алынды
Әнші оқиғасын айтты.

Танымал өнер иесі Нұрлан Өнербаев отбасындағы қайғылы жағдайлар туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әншінің сөзінше соңғы жылдың ішінде отбасында бірінен соң бірі жақындары қайтыс болыпты.

«Соңғы бір жарым жыл ішінде Өнербай атамнан тараған әулеттен төрт бірдей бауырым, ағаларым - әкемнің екі інісі Үсібәлі мен Иманәлі ағаларым, қарындасы Жұмакүл әпкем, тұғышы, менің тетелес ағам Әлжанның мәңгілікке аттануы әулетімізді, отбасымызды ойсыратқандай күйге түсірді. Бірінің артын күтіп, сабырға келе бергенімізде, қайғымызға қайғы жалғап бірінен соң бірі бақилыққа аттанып кете барды. Қазағымның «қайғы, бөліссе жеңілдейді» деген сөзінің қаншалықты керек екеніне көзіміз жеткен жыл болды. Әсіресе кеше жамбасы жерге тиген ағам Әлжанның қазасында қайғымызды бөлісіп,көңіл білдіріп жатқан дос-жаранға, көз көргендерге, жақын туыс жұрағатқа отбасымның, әулетімнің атынан алғысымды білдіремін. Алла баршаңыздың отбастарыңызды тосын қайғыдан қорғап, аман сақтасын!», - дейді әнші Нұрлан Өнербаев.

Тэгтер:

әнші қаза Нұрлан Өнербаев