«4 адам қаза тапты»: Алматы облысында жол апаты болды
BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz. BMW-728 көлігі қарсы бетке шығып кетіп, Ford Mondeo көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Ford көлігі өртеніп кеткен. Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің 1 жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.