Қазақстандық атақты боксшы Жәнібек Әлімханұлы журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Журналист боксшыға қазіргі таңда ұлдарының қай елде білім алып жатқаны және отбасының қайда тұрақтағаны жайлы сұрақ қойды.
«Бала-шағам Қазақстанда оқиды. Ешқандай шетелде оқыту ойым жоқ. Тек қана қазақылық, қазақы нақыш пен дәстүрде оқытып жатырмыз. Болашақта бокс жоқ дегенде өз-өздерін қорғауға қажет болады деп ойлаймын», - деді Жәнібек Әлімханұлы.
Сондай-ақ қазақстандық боксшы болашақта салмақ дәрежесін өзгертіп, қалайда "Канелломен" рингке шығатыны жайлы айтты.