Жаңалықтар

«Заң және тәртіп»: Елордада насыбай мен снюс сатқан дүкен иелеріне айыппұл салынды

Астана әкімдігі

Рейд барысында ауданның тұрғын үй кешендерінде орналасқан сауда орындары тексеріліп, екі дүкенде насыбай мен снюс сату фактілері анықталды.

Астанада Нұра ауданының әкімдігі Полиция басқармасымен бірлесіп, тыйым салынған шегілмейтін темекі өнімдерінің заңсыз саудасын анықтау бойынша рейд жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz сайты елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Рейд барысында ауданның тұрғын үй кешендерінде орналасқан сауда орындары тексеріліп, екі дүкенде насыбай мен снюс сату фактілері анықталды.

«Тексеру нәтижесінде 17 қорап насыбай мен 4 қорап снюс тәркіленді, олардың жалпы құны – 8 400 теңге. Дүкен иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес 98 300 теңге (25 АЕК) көлемінде айыппұл салынды», — деді учаскелік полиция инспекторы Руслан Алданов.

Мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіледі және тыйым салынған темекі өнімдерінің заңсыз саудасын тоқтатуға бағытталған. Насыбай мен снюсты сатуға заңмен тыйым салынғанын және бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескерген жөн.