Маңғыстауда 11 келі қара уылдырық тәркіленді
Қазір тергеу жүріп жатыр.
Маңғыстау облысында полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, Ақтау қаласының 34 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жеке тінту кезінде одан 5,2 келі қара уылдырық табылып, тәркіленді.
Кейін жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы азаматтың тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, полиция тағы 5,8 келі қара уылдырық тәркіледі.
Тәркіленген уылдырықтың жалпы салмағы шамамен 11 келіні құрады.
Қазір тергеу жүріп жатыр.