Жаңалықтар

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы – 1 млн теңге

istockphoto.com

Бұл туралы Зейнетақы қоры хабарлады.

2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ зейнетақы шоттарында қазақстандықтардың зейнетақы активтері 22,64 трлн теңгені құрады, деп жазады turkystan.kz.

Соңғы 12 айда зейнетақы активтері 4,52 трлн теңгеге (25%) өскен.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ай сайынғы орташа зейнетақы 35 523 теңгені, ай сайынғы максималды зейнетақы 993 040 теңгені құрады», - делінген зейнетақы қорының хабарламасында.