Халықаралық Букер сыйлығы: Шығармалардың толық тізімі жарияланды

26 ақпан, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: Yuki Sugiura for Booker Prize Foundation

Әлем әдебиетінің ең беделді марапаттарының бірі саналатын Халықаралық Букер сыйлығына үміткерлердің толық тізімі жарияланды. Үміткерлер арасында 11 роман және 2 әңгімелер жинағы бар.

International Booker Prize 2005 жылы ағылшын тіліне аударылған көркем әдеби шығармаларды дәріптеу мақсатында құрылды. Бұл сыйлық түпнұсқа автор мен аудармашыға бірдей беріледі. Биылғы марапатқа 154 туынды ұсынылып, оларды Booker Prize-дың бұрынғы үміткері, жазушы Макс Портер бастаған қазылар алқасы іріктеді. Қазылар құрамында ақын, режиссер және фотограф Калеб Феми, жазушы және баспа директоры Сана Гойал, аудармашы Антон Хур, сондай-ақ әнші әрі композитор Бет Ортон бар.

"Аударма әдебиет – элитаға ғана арналған дүние емес. Бұл - бүкіл әлемдегі адамдардың кез келген оқиғалары мен ойлары. Біз өзімізді бөліп тұрған шекараларға қарамастан, бір-бірімізбен осы шығармалар арқылы қауышамыз", – деді Портер.

Биылғы толық тізімге 15 елдің жазушылары енді. Сонымен қатар, тұңғыш рет румын және суринам-голланд жазушылары мен ирак аудармашысының еңбегі марапат үшін бақ сынамақ. Алғаш рет каннада (Үндістанның оңтүстік-батысындағы тіл) және румын тілдерінен аударылған шығармалар енгізілді.

Айта кетерлігі, биылғы үздік шығармалар ұзындығымен ерекшеленбейді – тізімдегі 13 кітаптың 11-і 250 беттен аспайды. Тек Мирча Кэртэрескудың "Solenoid" романы 627 бетпен ең ауқымды шығарма атанды.

Толық тізімге енген барлық автор бұл марапатқа алғаш рет ұсынылып отыр. Ал аудармашылар арасында төрт қайталанған үміткер бар. Олардың бірі – Софи Хьюз, ол бесінші рет тізімге ілігіп, алғаш рет итальян тіліндегі аудармасы үшін танылды.

Номинациядағы кейбір шығармалар өз тілдерінде ірі марапаттарға ие болған. Мысалы, дат жазушысы Сольвей Бале "On the Calculation of Volume I" еңбегі үшін Солтүстік Кеңес әдеби сыйлығын иеленсе, француздық Гаэль Белем "There's a Monster Behind the Door" романы үшін Grand prix du roman métis жүлдесін алды.

Биылғы марапатта алғаш рет 1982 жылы жарық көрген Astrid Roemer-дің голландиялық квир классикасы "On a Woman’s Madness" ағылшын тіліне аударылып, үміткер атанды.

8 сәуірде жүлденің қысқа тізімі жарияланады, ал 20 мамырда жеңімпаз белгілі болады. Бас жүлде – 50 мың фунт-стерлинг, оның жартысы авторға, жартысы аудармашыға беріледі.

International Booker Prize-ға үміткер туындылардың толық тізімі:

Тэгтер:

әдебиет тізім аудармашы аударма роман шығармашылық Букер Букер сыйлығы жазушы жазушылар