Ақпан айында қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау есірткі сатумен айналысқан азаматты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері негізгі жұмысына қоса өсімдік тектес есірткі заттарын сататын жиһаз салонының экспедитор-жүргізушісін ұстады.
Полицейлер оның автокөлігінен, жұмыс орнынан және тұрғылықты мекенжайынан марихуана оралған бірнеше орам тапты. Жалпы алғанда заңсыз айналымнан бір келіден астам марихуана тәркіленді.
Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, әрі тергеу мен жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.