Павлодарда бес мектеп басшысы жазаланды
Білім беру бөлімі жанынан құрылған сараптамалық топ мектептердегі тамақтану сапасын бақылауды жалғастырып жатыр.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, білім беру бөлімі жанынан құрылған сараптамалық топ мектептердегі тамақтану сапасын бақылауды жалғастырып жатыр.
Мамандар Шапық Шөкин атындағы мектепке барып, тамақтану ұйымдастыру жағдайларын тексерді. Аспаздық тағамдардың буға пісірілетіні және жеткізілетін өнімдердің талаптарға сай келетіні атап өтілді. Жалға алушыда барлық қажетті құжаттар бар және сенімді жеткізушілермен келісімшарттар жасалған.
– Бірыңғай мәзірді енгізу оң әсерін берді: тамақ қалдықтарының индексі төмендеді, бұл тамақтанудың тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар дәмді болғанын көрсетеді, – дейді білім беру бөлімінде.
Мониторинг нәтижелері бойынша, бес мектеп басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екі хат СЭС-ке шара қолдану үшін жіберілді.
– Комиссия құрамы 2024 жылдың аяғында № 24 ЖОББМ-де асханадан тышқан тауып, антисанитария болса, Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің асханасында түскі асқа шошқа етінен жасалған шұжықтар анықталды. Әрине біз мемлекеттік басқару органы ретінде СЭС-ке хат жаздық. Онда санитарлық қызмет қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізді. Мектептің директорларына тәртіптік жаза қолданылды, – дейді қалалық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанат Асайынова.