Наурыз айында мерекелерге байланысты қосымша пойыздар қатынайды

26 ақпан, 2025 / Інжу Әлихан
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында 3 пойыз қосымша  жолға шығады:

8 наурыз халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы кезінде жолаушыларға 58 мыңнан астам қосымша орын ұсынылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Халықаралық әйелдер күніне орай сұранысы жоғары бағыттарға 265 қосымша тіркеме вагоны қосылып, қала маңы пойыздарының жүру жиілігі артады:

Жалпы пойыздарда 8 наурыз мерекесіне 18 мыңнан астам қосымша орын бөлінеді.

Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында 3 пойыз қосымша  жолға шығады:

Сонымен қатар қала маңы бағыттарында қосымша электр пойыздары іске қосылады:

Бұдан бөлек, Наурыз мейрамы кезінде сұранысы жоғары бағыттарға 432 қосымша тіркеме вагоны қосылып, 20 мыңнан астам орын ұсынылады.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Тэгтер:

Пойыз мереке күндері наурыз айы