Алматыда дзюдодан халықаралық турнир өтеді
Алматыда дзюдодан халықаралық турнир өтеді
Алматыда Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың сыйлығына арналған дзюдодан халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы fdk.kz хабарлады.
Турнирге шетелден 500-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. 22-23 сәуір аралығында өтетін халықаралық турнирге 1997-1999 жылы туған спортшылар қатысады.
Жарыс Алматы қаласындағы «Халық Арена» мұз сарайында өтеді. Айта кетейік, Бекет Махмұтов қазіргі таңда Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті. Ол 2009-2013 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының Президенті, сондай-ақ, Азия Дзюдо Одағының вице-презмденті қызметін атқарған.