Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысын бірінші раундта нокаутқа түсірді

25 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет egemen.kz сайтынан алынды
Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов 2025 жылғы Странджа кубогі турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан кіші әлем чемпионатында Бекзат Нұрдәулетов  86 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасты, деп хабарлады turkystan.kz.

Боксшы 1/8 финалда өзбекстандық Акмалжон Исроиловпен кездесіп, бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша, Бекзат 1/4 финалға жолдама алды. Енді ол франциялық Абулайе Траоремен кездеседі.

Айта кетейік, А. Траоре 1/8 финалда Кеннеди Брайннан басым түскен еді,

Тэгтер:

бокс Бекзат Нұрдәулетов Странджа