Мемлекет басшысы Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаидиді қабылдады
Кездесу барысында көлік-логистикалық, ауылшаруашылық, мәдени-гуманитарлық және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы қарастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Оман екіжақты деңгейдегі, сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзара ықпалдастықты дамыта алады. Оған айтарлықтай әлеует бар.
Кездесу барысында көлік-логистикалық, ауылшаруашылық, мәдени-гуманитарлық және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы қарастырылды.
Сондай-ақ өзара байланыстарды нығайтуға септігін тигізетін екі ел арасындағы тікелей әуе қатынастарын ашу мәселесі талқыланды.