Астанада аспаз үй иесінің гауһар тасты сақинасын ұрлап кеткен
Ол құны 1,5 млн теңге болатын гауһар тасты алтын сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген.
Елордада жас келіншек гауһар тасты сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Нұра аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 33 жастағы күдікті келіншекті ұстады. Ол аспаз болып жұмысқа орналасқан. Үй иесінің жатын бөлмесіндегі қобдишада тұрған алтын бұйымдардың арасынан құны 1,5 млн теңге болатын гауһар тасты алтын сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін мойындаған. Заттай айғақ тәркіленген. Жеке мүліктерін тексеру барысында, қалтасынан ломбардқа өткізгендігін дәлелдейтін түбіртек шыққан.
Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.