Павлодарда банк бөлімшесін тонаған күдіктілер шетелде ұсталды
Полицияның мәліметінше, ұсталған Ресей азаматтарына қатысты қазақстандық соттың шешімімен қамауға алу санкциясы қолданылған.
Былтыр қараша айында Павлодардағы банк бөлімшесін тонады деген күдіктілерді Ресей аумағында ұсталды. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаменті хабарлады.
Полицияның мәліметінше, ұсталған Ресей азаматтарына қатысты қазақстандық соттың шешімімен қамауға алу санкциясы қолданылған.
«Халықаралық келісімдер аясында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ресейлік әріптестерімен бірлесіп, жедел-тергеу тобын құрды», - деп хабарадар етті ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.
Сондай-ақ хабарламада бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатыны айтылған.