Жаңалықтар

Қызылорда облысында көлік қозғалысы шектелді

istockphoto.com

Жол ауа-райының бұзылуына байланысты жабылды.

2025 жылғы 25 ақпан сағат 15:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1474-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (Әйтеке би ауылынан Қызылорда қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 25 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланған.