Жамбылда шешесін балағаттаған жігіт сотталды

25 ақпан, 2025 / Админ
freepik.com
Сот жігітті кінәлі деп тауып, 20 тәулікке қамады.

Жамбыл облысының Шу аудандық сотында анасына боқтық сөз айтқан жігіттің ісі қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол ішімдік ішіп алып, масайған кезінде шешесін балағаттаған. Анасының айтуынша бұл бірнеше мәрте қайталанған. Шешесі ұлын кешірмей, соттан оны қатаң жазалауды сұраған.

Сот жігітті кінәлі деп тауып, 20 тәулікке қамады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Тэгтер:

балағат сөз