Жаңалықтар

Жетісуда орманшылар Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулаған

istockphoto.com

Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды.

Өткен жылдың қыркүйек айында «Үштөбе орман шаруашылығы» КММ-нің үш қызметкері басқа адаммен бірлесіп, «УАЗ» қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулаған, деп хабарлайды turkystan.kz

Соттың үкімімен ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. 

Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеді. 

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Прокуратура қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтаудың және сирек кездесетін жануарларды қорғаудың маңыздылығын еске салады.