Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Астанада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 25 ақпанда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды tyrkystan.kz.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Ақтауда да көктайғақ болу ықтималдылығы жоғары.
Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Көкшетауда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда да тұман болады деп күтіледі.
Алматы облысының шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, ауа температурасы аздап төмендейді деп болжанады.
Атырау облысының батысында, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Қарағандыда аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың батысында, орталығында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Кей уақыттарда тұман байқалады. Жезқазғанда түнде және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.Реклама
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман байқалады. Ақтөбеде де түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Астанада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында, шығысында тұман, облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда таңертең және күндіз қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, қар жауады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда тұман болады деп күтіледі.