Жаһан

Француз актеры Жерар Депардьенің үстінен іс қозғалды

Сурет: https://regnum.ru

Бұл туралы Agence France-Presse (AFP) агенттігі мәлімдеген.

76 жастағы Депардье салық төлеміндегі алаяқтық бойынша тергеуге алынған, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұдан бөлек, былтыр Париж прокуратурасы актерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты тергеуді бастаған еді. Депардьені қорғауға 50 шақты француз мәдениет қайраткері шықты. Бұл іс бойынша тыңдаулар 2025 жылдың наурыз айына белгіленді.

Судьялар сондай-ақ актердің денсаулық жағдайына байланысты 2024 жылдың қазан айындағы тыңдауларға қатыспағанын ескере отырып, "медициналық сараптама" тағайындады.

Айта кету керек, Жерар Депардье 2013 жылдың қаңтар айының басында Ресей азаматтығын алған болатын.