Жаңалықтар

Маңғыстауда 3 адам газдан уланып қайтыс болды

Сурет: istockphoto.com

Оқиға 23 ақпан күні болған.

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлады turkystan.kz.

23 ақпанда Атамекен ауылына қарасты Қаламқас тұрғын үй массивінде бір отбасының төрт мүшесіне иіс тиіп, үшеуі сол сәтте көз жұмған.

Алдын ала болжам бойынша, үйдің жылу пешінде мұржа болмаған. Салдарынан улы газ сыртқа шықпай, үй ішіне тараған.

«Аудан әкімдігінің басшылығы, ауыл әкімі және аудандық мәслихаттың депутаттары, мешіт өкілдері оқиға орын алған отбасыға барып көңіл айтты. Қаржылай көмек беріліп, қажетті қолдау шаралары көрсетілуде», – деп жазылған Мұнайлы ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.