Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен малшыны жедел жәрдем алып кетті

Сурет: istockphoto.com

ТЖМ құтқарушылары жоғалған малшыны тапты.

Бүгін Ақтөбе облысының 112 пультіне Байғанин ауданының Кенжалы станциясынан 3 шақырым жерде 1991 жылы туған ер адам жылқы іздеуге жаяу шығып, өзін нашар сезініп құтқарушылардың көмегіне жүгінген, деп хабарлады turkystan.kz.

«Іздестіруге ТЖМ барлық күштері мен құралдары жіберілді. Бір сағаттан кейін адам Қарауылкелді ауылынан 36 шақырым жерде табылды. Құтқарылған адамды жедел жәрдем көлігіне тапсырды», – делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.