Нұрлан Өнербаевтың ағасы өмірден өтті

24 ақпан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Суретте әншінің ағасы және өзі
Әнші қайғылы хабар айтты.

Нұрлан Өнербаев әлеуметтік желіде бауырынан айырылып қалғаны туралы жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Асқар таудай әкем өмірден қайтқаннан кейінгі биігім, арқа сүйер тірегім, ақылшым – ағам Әлжан мезгілсіз о дүниесіне аттанып кетті. Сенер емеспін! Бұл қалай болғаны? Дүние, жалған екеніңді пендеңе тағы бір дәлелдедің-ау», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, екі апта бұрын ғана өнер иесі қайтыс болған інілерін еске алған еді.

Тэгтер:

аға Нұрлан Өнербаев