«Өзгеше күйге енемін»: Қарақат Әбілдина оқырмандарын таңғалдырып қойды
Әнші естелік суреттерін жариялады.
Танымал өнер иесі Қарақат Әбілдина жастық шағын еске алып, жазба қалдырды, деп хабарлады turkystan.kz.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жиырма бес жасындағы фотосуреттерін жария етті.
«Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім,
Күнге қарап көктемде күлген едім,
Бүгін мүлде өзгеше күйге енемін…», - деді әнші Қарақат Әбілдина.
Желі қолданушылары жазба астына жылы лебіздерін жазып жатты.
«Жұлдыздар отбасы» деген журналдағы суреттер», «Ешқандай өзгермегенсіз, табиғи сұлусыз», «Шынымен қандай сұлу талдырмаш болған», «Қыз Жібек», - деген секілді пікірлер жазды желі қолданушылары.