Жаңалықтар

«Семей орманы» резерватының жаңа бас директоры тағайындалды

gov.kz

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бас директоры болып Дәулет Байболатов тағайындалды.

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бас директоры болып Дәулет Байболатов тағайындалды. Дәулет Кәкенұлы 1967 жылғы 7 қазанда Семей қаласында дүниеге келген.

1986 жылы Лениногор орман техникумын орман шаруашылығы технигі мамандығы бойынша бітірді. 1995 жылы Сібір технологиялық институтын орман шаруашылығы инженері біліктілігі бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1986 жылы Семей механикаландырылған орман шаруашылығының Краснокордон орманшылығының өрт сөндіру станциясының бастығы ретінде бастаған. Одан кейін Семей орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорнының орман қорғау инженері, Краснокордон орманшылығының орманшысы, Пригород орманшылығының орманшысы, Қаштак орманшылығының орманшысы, Талицк орманшылығының басшысы лауазымдарын атқарған.

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Семей, Жаңа Шүлбі, Морозов филиалдарының директоры болды. Осы қызметке тағайындалмас бұрын «Семей орманы» резерваты бас директорының орынбасары болып жұмыс істеген. 

Орман шаруашылығы саласындағы жалпы еңбек өтілі - 40 жыл.