Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Ол бұған дейін Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Камалов Рамиль Фаткулович төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
1976 жылы Торғай облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Павлодар техникалық колледжін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Ақмола облысы ІІБ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы № 84 дербес әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторы болып бастады.
1998 жылы Ақмола облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 19 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженері болып жұмыс істеді.
1998–1999 жылдары — Астана қаласы МӨҚҚ №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы.
1999–2005 жылдары — Астана қаласы «Өрт сөндіруші» РМК филиалы өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, бастығының орынбасары, бастығы, өрт сөндіру тобының бас маманы.
2005–2006 жылдары — ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бас маманы.
2006–2014 жылдары — ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бас маманы, бастығы.
2014–2016 жылдары — ҚР ІІМ ТЖК Өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы.
2016–2017 жылдары — Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2017–2023 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы.