Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тағайындау туралы шешім Президент әкімшілігімен келісілген.
Руслан Берденов Шымкент өңірінің тумасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған. Әр жылдарда түрлі ірі компанияларда жұмыс істеген, бизнеспен айналысқан. 2023 жылдың наурызында VIII шақырылымда Мәжіліс депутаты болып сайланды.