Қостанай және Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бұл туралы ҚазАвтоЖол-дың баспасөз қызметі мәлім етті.
2025 жылғы 24 ақпан сағат 12:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Қостанай облысы:
«Қостанай - Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы - Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы:
«Қостанай - Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы);
«Жақсы - Есіл – Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсау ауылы - Бұзылық ауылы);
«Жезқазған – Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы - Сұрған ауылы).