Жаңалықтар

Қостанай облысында 25 млн теңгенің малы ұрланған

Polisia.kz

Қылмыстық әрекетпен 14 бас ірі қара мен 30 жылқы ұрланған.

Қостанай облысында 25 млн теңгенің малын ұрлаған күдіктілер ұсталды.

Соңғы алты ай ішінде бір топ адам Арқалық қаласы мен оған жақын ауылдық округтердің аумағында сегіз адамның малдарын ұрлаған.

Қылмыстық әрекетпен 14 бас ірі қара мен 30 жылқы ұрланған. Келтірілген залал 25 млн теңгеден астам соманы құрады.

Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 27 мен 59 жас аралығындағы бес жергілікті тұрғыннан тұратын топ анықталып, ұсталды. 

Полиция қызметкерлері 15 жылқыны тәркілеп, иелеріне қайтарды. 14 ірі қара мал басына қатысты залал ақшалай көлемде өтелді.