Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында қола жүлде алды
Аталмыш жарыста Қазақстан атынан Қайым Айбар, Нариман Ілияс, Ерхан Қараман, Шерім Қанағат өнер көрсетті.
Кувейтте семсерлесуден жасөспірімдер және кадеттер арасында Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден командалық жарыста үшінші орынға ие болды.
Аталмыш жарыста Қазақстан атынан Қайым Айбар, Нариман Ілияс, Ерхан Қараман, Шерім Қанағат өнер көрсетті.
Жарыс барысында қазақстандықтар Үндістан құрамасын 45:33, Сингапур командасын 45:34 есебімен жеңді. Алайда, жартылай финалда Өзбекстанға 31:45 есебімен жол берді. Осылайша отандастарымыз кадеттер арасында қола медальға ие болды.