Байқоңырда заңсыз көші-қон ұйымдастырған бір топ адам ұсталды
Алдын ала деректер бойынша олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен аса заңсыз рұқсат ресімдеген.
ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.
ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға күдікті бір топ адамның әрекетінің жолын кесті.
Алдын ала деректер бойынша олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен аса заңсыз рұқсат ресімдеген.
«Тінту барысында заттай дәлелдер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.