Жаңалықтар

Павлодар облысында газ баллон жарылған үйде ер адам қаза тапты

istockphoto.com

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, үй толығымен жанып кеткен.

23 ақпанда сағат 11:28-де Железин ауданы Михайловка ауылында жекеменшік тұрғын үйде тұрмыстық газ баллоны жарылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, үй толығымен жанып кеткен.

«Мекенжайға Михайловка ауылының жергілікті атқарушы органдарының өрт сөндіру бекеті және 16-ӨСБ өрт сөндірушілері жедел түрде шыққан болатын.

Жанып кеткен үйден 1959 жылы туған ер адамның денесі шығарылды. Өрт сағат 14:00-де сөндірілді», – делінген хабарламада.